RU
Жалғыз ұлы Сирияға кеткен әйел баласынан қалай тірідей айырылғанын баяндады
Жаңалықтар Қоғам

Жалғыз ұлы Сирияға кеткен әйел баласынан қалай тірідей айырылғанын баяндады

Рассказать Вконтакте

Жалғыз ұлы Сириядағы соғысқа кеткенін айтқан ақ жаулықты ана кімнен көмек сұрарын білмейді.  Елде жылап қалған ана қазір Ақтөбедегі мешітке келетін жамағатқа «баламды қайтарыңдаршы» деп жалынып жүр.

Жалғыз ұлы Сирияға кеткен әйел баласынан қалай тірідей айырылғанын баяндады

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жылаған ананы ешкім жұбатқан жоқ. Тіпті, олар жанына жолатар емес. Қазір еңсесі езілген хат жазып, құзырлы мекемелерден көмек сұрап жүр.

"Мен Ақтөбе қаласының тұрғынымын. Жалғыз баланың анасымын. Осыдан бірнеше жыл бұрын сол баламның мешітке барып, намаз оқып, мешіт жамағатынан жолдастар тауып жүргеніне іштей қуандым. Босағамда баламмен бірге жүрген достары дастарханымнан талай-талай дәм татты. Алайда, қуанышым көпке бармады. Маңайындағы жолдастарының жүздері суық, тілдері орысша, жүрістері дұрыс емес екенін байқағаныммен, аналық жүрегім баламды жамандыққа еш қимады", - деп жазады тұрғын.

"Күн өте «дәріске барамын» деп үйде мүлде тұрақтамайтын болды. Бір күні "брат" пен "сестраларға" жәрдем керек деп әкесінен қалған жалғыз мұрасы -  үш бөлмелі пәтерді сатты. Оның ақшасын қолма қол сол бір досының қолына менің көзімше санап берді. Сол сәтте ісінің дұрыс еместігін айтқанымда «Олар оны қайтарады, нағыз таза мұсылман солар» деп өзіме дүрсе қоя берді. Жанымды шүберекке түйіп, қорқыныш сезімі ұялай бастаған кезде жалғыз балам «жұмыс істеймін» деп Түркияға кетті", -делінген  хатта.

"Бір күні ұялы телефоныма қоңырау түсті «Мама, мен Сирияда жүрмін. Осында келдім, осында боламын» деген хабарын жеткізді. Бәрібір перзентімді жамандыққа қимадым. Жүрегімдегі оған деген аналық мейірімім басылған жоқ. Ол қоңырауды асыға шалып, ана жақта телефон байланысының жоқтығын, енді қоңырау шала алмайтындығын айтты. Содан достарына барып, тентіреп баламды іздедім. Барлығы «бізге жоламаңыз» деген сөзбен мені қуып шықты. Мешітке ағылған, қара киінген, беті жапқандарға барып «баламды қайтарыңдар» деген сөзім мен оларға қарап көз жасым тоқтамады. Ұлымның сол бір қоңырауымен Сирияға барып, оны қайтарып алып келуге де ниетті едім. Бірақ, буыны қатпаған перзентім ниетімді қаламастан, "маған енді артқа жол жоқ" дегенсөзін қорқынышпен айтты. Мен аналық жүрегіммен бұл қорқыныштан өкінішті байқадым",-дейді ана.

«Жастар хатты оқыр, ойланар, жолын өзі таңдар» деген ана сәл өзіне келіп алған соң NUR.KZ порталының оқырмандарына сұқбат беретінін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
631
114
26
189
0
24
194
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel