RU

Ишара тілінде ән орындайтын алматылық қыз тыңдармандарды таң қалдырды

Зухра Тұрсынова - 16 жастағы Алматы қаласының тұрғыны. Instagram желісіне тіркелгеніне 5 апта болғанына қарамастан, оқырмандар саны 3 мыңға таяп қалды деп жазады Comode.kz.

Оқырмандардың барлығы Зухраның ән айту өнеріні тәнті болды. Себебі жас дарын әнді өзгеше, ишара тілімен орындайды.

Зухра есту қабілеті төмен немесе жоғалған адамдар үшін әндердің сөздерін ишара тілімен жеткізеді. 15 секундтық видеолардың арасында Дима Биланның, "Пицца" тобының әндері, отандық орындаушылар Дильназ Ахмадиева мен Кенталдың хит әндері бар.

Әрбір видеоның астында оқырмандардың мақтау сөздері күн сайын көбейіп келеді. Әсіресе оқырмандарға Зухраның ән орындағанда барынша эмоциясын қосатыны ұнайды. Тіпті "жігітің бар ма?" деген сұрақтарды да кездестіруге болады.

Мақпал Исабекова мен Кентал Зухраның парақшасын жарнамалап, оның игі бастамасы үшін алғыстарын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1015919-ishara-tilinde-oryndaytyn-almatyly.html