RU

Жұлдыздардың әлеуметтік желіде дау туғызған суреттері қандай? (фото)

Жұлдыздардың әлеуметтік парақшаларындағы әрбір суреті неше түрлі пікірлер жинайды. Алайда, кейбір суреттер ерекше талқылауға ие болады. Бұл кімнің суреттері және бұл қандай суреттер?  Сomode.kz желіде қызу талқыланған суреттер топтамасын оқырман назарына ұсынды.

Баян Есентаева

Бір де бір жұлдызды топтама Баян ханымсыз өтпейді. Бұл жолы да танымал продюсердің қысқы демалысынан жарияланған суреті әлеуметтік желілерде ерекше дау шығарды. Суретте Баян ханым суда жүзетін киіммен бассейннің ішінде тұр. Продюсер орта жастан асып, екі ересек қыздың анасы болғанына қарамастан, дене сымбатын тамаша сақтаған. Алайда, оқырмандар оны бағалаған жоқ. Ал Баян ханымның өзі болса жағымсыз пікірлерге назар аудармай, өзін тәрбиелейтін оқырмандарға парақшасын оқымауға кеңес берумен шектелді.

Ульяна Амент

Отандық тележүргізуші Ульяна Амент өзін өзі суретке түсіргенді ұнататындықтан, оның парақшасынан көбінесе селфи суреттерді көруге болады.

Ульяна кеудесі ашық киімдерді таңдағасын, көп жағдайда селфи суреттерінде жалаңаш тұрған сияқты көрінеді. Сол үшін оның суреттері де оқырмандар арасында көп дау шығарады.

Мақпал Исабекова

Мақпал Исабекованың кез-келген суреті жүзден аса пікір жинайды. Мақпалдың бір топ оқырмандары өздерінің сүйікті жұлдызын тура жолға салуды өмірлік мақсат қылып қойған сияқты.

Ал қалаған оқырмандар Мақпалды сол топтан қорғап отыратыны көрінеді. Сол екі топ арасындағы жанжал әсіресе, Мақпалдың арқасын және бөксесін ашық көрсететін суреттері мен әншінің тор секілді киім киген суретінің астында көп болды.

Луина

Луинаның өзі де, сөзі де, суреттері де көп дау туғызады. Алайда, отандық орындаушының бұған түк мән бермейтіні көрінеді.

Керісінше, өзінің Instagram парақшасына шомылу киімімен түскен суреттерді көптеп жүктейді.

Кезінде ең үлкен шу туғызған сурет Луинаның жалаңаш денесіне бір жапырақ халат жамылып түскен фотосы болатын.

Лидо

Бала босану дене сымбатын жоғалтуға еш себепші болмау керек деген қағиданы ұстанатын Лидо да өзінің денесін көрсеткенді ұнатады.

Бірақ, Лидоның оқырмандарының пікірі мүлде бөлек.Және сол пікірлерді әншінің тор шұлық киіп жатқан суреттері мен былғарыдан жасалған бикин киіп түскен суреттердің астынан табуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1015923-zhuldyzdardynh-aleumettik-zhelide-dau-t.html