RU

Арман Қоңыр "Мистерионс" тобының отбасылық дуэттен маңызды екенін айтты

Жақында шаңырақ көтерген жұлдызды жұп - Арман Қоңыр мен Аша Матай "Хабар" арнасындағы "Қызық Times" бағдарламасында қонақ болып, отбасылық өмірдегі құпияларымен бөлісті.

Естеріңізде болса, бүгінгі дейін жеке ән салып келген Аша мен "Мистерионс" тобының мүшесі саналатын Арман жаңа дуэт құратынын хабарлаған еді.

Осы орайда, жүргізушілер танымал топтың мүшесі Арманнан өзі үшін жарымен бірге орындайтын дуэті мен  біраздан бері бірге ән шырқап келе жатқан "Мистерионс" тобының қайсысы маңызды екенін сұрады.

Бұл сұраққа Арман әрқашан "Мистерионс" тобының құрамында ән шырқауға дайын екенін, яғни, топтың қашанда өзі үшін бірінші орында тұратынын айтты. Ал жұбайы Ашамен бірге орындалатын дуэттің жұмысы өзіне де, жарына да кедергі келтірмейді екен.

Еске сала кетейік, "Мистерионс" тобы отандық тыңдармандарға "Неге үндемедің?", "Асыл әнім", "Hola" әндерімен танымал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1016114-arman-qonhyr-misterions-tobynynh-otbas.html