RU

Мақпал Исабекова бала кезде қандай болғанын көрсетті (фото)

Әнші Мақпал Исабекова Instagram парақшасында көпшіліктің назарына балалық шағының естелік суреттерін жариялады.

Cуретінің астына әнші "әкем, анам, Дидара және анамның қолындағы қыз - менмін" деп жазып қойған.

Келесі сурет 1994 жылы түсірілген, мұнда да Мақпал анасымен бірге отыр.

Ал 2004 жылы жылы Афины қаласына олимпиадалық ойындарды тамашалауға барған Исабекова өзінің сол кездегі келбетіне "Мақпал тәте" деп баға беріпті.

Әнші Superstar KZ жобасының "көрермендер көзайымы" марапатына ие болып, Грекия еліне аттануға жолдама ұтып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1016400-maqpal-isabekova-bala-kezde-qanday-bo.html