RU

Ұлының жеңісіне қуанған қытай қазағының анасы шаршы алаңға жүгіріп шықты

Қытайдағы қазақ спортшысы ережесіз жекпе-жекте жеңіске жеткендегі анасының қуанғаны көрермендерді тәнті қылды  деп хабарлайды NUR.KZ.

Instagram әлеуметтік желісінің қоданушысы  «Бұл біздің қандас қазақ бауырымыздың жеңіске жеткен сәттегі анасының қуанышы» деп жазған.

Ерекше сәтті көрген желі қолданушылары баласын жеңісімен құттықтау үшін шаршы алаңға жүгіріп шығып, ұлын қапсыра құшақтап, жылаған анаға ерекше ықылас білдіруде.

Пікір қалдырушылардың сөзінше айитулы спорттық жарыс былтыр күзде Қытайда болған. Онда қытай қазағы Ғабит Тұрханбек Ресей чемпионымен төбелесіп, нокаутпен жеңген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1016828-ulynynh-zhenhisine-quanghan-qytay-qazaghy.html