RU

Ақтау-Атырау күрежолында қорапқа салынған шақалақтың мәйіті табылды

Қалың қар басқан Ақтау-Боранкөл-Атырау күрежолының маңайынан қорапқа салынған шақалақтың мәйіті табылды деп хабарлайды Қазақпарат.

«Бұл туралы хабар 17 қаңтарда шамамен сағат 16.40-та келіп түсті. Сәбидің мәйіті Ақтау-Боранкөл-Атырау тас жолының  жанындағы 900 метр жердегі қоқыстан табылды. Сот және дәрігерлік сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижесі әзірге дайын емес. Бейнеу аудандық ІІБ полицейлері ҚР ҚК 100-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Жазира Әбіл.

Тергеушілер болған оқиғаның анық-қанығын анықтап, нәрестенің анасын іздестіріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1016935-aqtau-atyrau-kurezholynda-qorapqa-sal.html