RU

Атырау облысында бір отбасындағы 7 адам газдан уланып қалды

Атырау облысының Сағыз ауылында бір отбасының 7 адамы табиғи газдан уланып, жергілікті ауруханаға түсті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Сағыз ауылы – Қызылқоға ауданындағы ең ірі елді мекеннің бірі. Табиғи газ, ауыз су желілері тартылғандықтан, бұл елді мекенге көшіп келушілер қатары көбейіп отыр.

Алайда, өткен аптада осында бір отбасының 7 адамы табиғи газдан улану белгілерімен дәрігерлерге жүгінуіне тура келді.

Яғни, бір шаңырақтың астында тұратын ата мен әже, әке мен шеше, сонымен бірге, 2008, 2009 және 2015 жылдары дүниеге келген үш бала жергілікті ауруханаға жатқызылды. Қазір оларға медициналық көмек көрсетілуде.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1017185-atyrau-oblysynda-bir-otbasyndaghy-7-ada.html