RU

Азия биржаларында котировкалар құлдырап жатыр

Иранға салынған санкциялардың доғарылуы әлемдік экономикаға әсер етпей қоймады.

Бұл туралы Хабар арнасы хабарлайды.

Көп елдің қор нарығындағы жағдай күрт құбылды. Араб елдері бастаған ірі мұнай экспорттаушылар ғана емес, Қытай секілді алып та нарықтың ырқына жығылды.

Гонконг биржасындағы негізгі котировкалар бүгін 4,6 пайызға арзандады. Бұл – 2011 жылы белгіленген ең төменгі шек. Оңтүстік Корея нарығындағы ахуал да осы тектес.

Сарапшылар: «Азияда қалыптасқан бұл жағдай батыстың биржаларына да ықпалын тигізеді», – деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1017203-aziya-birzhalarynda-kotirovkalar-quld.html