RU

Юлия Путницева әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын жеңіп кетті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Australian Open жарысының бірінші кезеңінде әлемнің 18-ракеткасы даниялық Каролин Возняцкины жеңді деп хабарлайды Азаттық.

Үш жарым сағатқа созылған кездесуде 1:6, 7:6, 6:4 есебімен Путинцева басым түсті.

Путинцева мен Возняцки бірінші рет кездесті. Даниялық теннисші 2009 және 2014 жылдары US Open жарысының финалына шыққан.

Қазақстандық теннисші екінші кезеңде қытайлық Хань Синьюньмен (162-ракетка) кездеседі.

Ертең, 19 қаңтарда бұл жарыста қазақстандық Зарина Дияс, Ярослава Шведова және Михаил Кукушкин алғашқы ойындарын өткізеді.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1017239-yuliya-putniceva-alemninh-burynghy-birin.html