RU

Таңғы ас ішпеу инсульт қаупін арттыра түседі

Зерттеу мәліметтеріне сәйкес таңғы ас ішпеу артық салмақ, гипертония, қандағы холестерин және қант деңгейінің артуына әкеледі. Мұның барлығы жүрек және қан тамыр ауруларымен байланысты деп жазады Қазақпарат.

Жаңа зерттеуге 45-тен 74 жасқа дейінгі Жапониядағы 82772 ер мен әйел қатысты. Қатысушылар жүрек-қан тамыр және қатерлі ісік ауруларынан зардап шекпеді. Мамандар еріктілерді 1995 жылдан 2010 жылға дейін бақылады. Қатысушылар таңғы асын қаншалықты жиі ішетінін айтты, сөйтіп оларды топтарға бөлді, деп хабарлады WebMD.

Зерттеу кезінде 3772 инсульт жағдайы тіркелді. 1051 жағдайда геморрагиялық инсульт (миға қан кету) болған, ал 870 адамда жүректің ишемиялық ауруы анықталды. Мамандар анықтағандай, ешқашан таңғы ас ішпеген еріктілерде жүрек-қан тамыр аурулары мен инсульт қаупі күн сайын таңғы асын ішкендерге қарағанда әлдеқайда жоғары.

Миға қан кету қаупінің негізгі факторы жоғары қан қысымы. Қан қысымының таңертең көтерілуі аса қауіпті. Ғалымдар айтқандай, зерттеуге қатысқандардың арасында күн сайын таңғы асын ішкендерде қан қысымының көтерілуі таңғы асын ішпегендерге қарағанда сирек кездескен. Өзге зерттеулер көрсеткендей, көп жағдайда таңертең миға қан кетеді. Ал таңғы астан кейін қан қысымы төмендейді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1017559-tanhghy-ishpeu-insult-qaupin-arttyra.html