RU

Атырауда суға кеткен әйелді құтқарған балалар облыс әкімін тәнті етті

Атырау облысында екі бала «Төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды деп хабарлайды Ақ жайық газеті.

Өткен жылдың шілдесінде  Құрманғазы ауданының Еңбекші ауылында Сұрхан (Кобяково) өзенінен сол кезде 12 жаста болған Ермахан Насихан мен 13 жастағы Бейбарыс Қайроллаұлы суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалған болатын.

18 қаңтарда облыстық мәслихаттың сессиясында облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов ержүрек балаларға Төтенше жағдайлар комитетінің төсбелгілерін табыс етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1017588-atyrauda-sugha-ketken-ayeldi-qutqargha.html