RU

Қырғызстандық журналист өзінің ар-намысын қорлағаны үшін Атамбаевты сотқа берді

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласының Первомай аудандық соты журналист Дайырбек Орунбековтің ел президенті Алмазбек Атамбековке қарсы шағымын қабылдады деп хабарлады Kloop.kg сайты.

Журналист президент өзінің "ар-намысын қорлағанын" айтқан деп жазады Азаттық.

Сот Орунбековтің шағымын екіге бөліп (ел президентіне және оның аппарат жетекшісі Фарид Ниязовке қарсы), 28 қаңтарда және 1 ақпанда қарастырмақ.

Орунбеков пен қырғыз билігінің дауы журналист бір мақаласында 2010 жылғы қақтығысты президент Атамбаев пен басқа саясаткерлерден көрген пікірінен соң басталған.

Бас прокуратура бұған дейін сотқа шағымданып, сот Орунбеков Атамбаевқа "ар-намысын қорлағаны үшін" 2 миллион сом төлесін деген шешім шығарған.

Журналист сот шешімімен келіспей, мұнша ақша  төлей алмайтынын айтып, әр адамнан бір сом ақша жинай бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1017593-qyrghyzstandyq-zhurnalist-ozininh-ar-na.html