RU

Крещение мерекесінде суға түскен Қайрат Нұртасты тыңдармандар сынға алды (видео)

Әнші Қайрат Нұртас Крещение мерекесі кезінде суға түскен видеосын Instagram парақшасына жариялады. Мұны көрген желі қолданушылары әртістің әрекетіне таңданып, кейбірі сынауға көшті.

Қайрат Нұртастың бұл әрекетін біреулер орыс ұлтының шоқыну мерекесімен байланыстырса, енді біреулер әншінің жай ғана суға түскісі келгенін айтуда.

Әншінің өнерін бағалаушылар оның денсаулығына алаңдаулы екенін жарыса жазып, мұсылмандарға қыс мезгілінде суға түсудің қажеті жоғын жеткізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1017683-shoqynu-merekesinde-sugha-tusken-qayra.html