RU

Ресей рублі тарихта бұрын-соңды болмаған құлдырау шегіне жетті

Әлемде мұнай бағасының арзандауы кері әсер етіп жатқан Ресей рублінің құны 2014 жылдың соңындағы ең төменгі көрсеткішке дейін құлдырап, бір доллар 79 рубль 2 тиынды құрады.

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Еуро бағамы 86 рубльге жетті. Ресей тарихында бұрын-соңды мұндай құлдырау болмаған.

18 қаңтарда Иранға салынған экономикалық санкциялар алынуына байланысты мұнай баррелінің бағасы 28 долларға дейін арзандаған. Тегеран алда әлемдік нарыққа күніне шығаратын мұнай көлемін 500 мың баррельге дейін арттыруды көздеп отырғанын мәлімдеді.

Рубль құнының төмендеуіне Батыс елдерінің Ресейге Украинадағы дағдарысқа байланысты салған санкциялары да кері әсер етіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1017718-resey-rubli-tarikhta-buryn-sonhdy-bolma.html