RU

Польша президенті өз елін Ресей шабуылынан қорғау үшін НАТО әскерін көбейтуді сұрады

Польша президенті Анджей Дуда НАТО-ны Шығыс Еуропада аймақ пен Польшаны Ресейдің шабуылынан қауіпсіз ету үшін әскер мен техниканы көбейтуге шақырды.

"Біз НАТО әскерінің саны көбейгенін қалаймыз" деді Дуда 18 қаңтарда Брюссельде альянстың штаб-пәтерінде сөйлеген сөзінде. НАТО-ның келесі саммиті шілдеде Варшавада өтеді.

Дуда НАТО басшылары бұл кездесуде Польшада альянс әскерін ұзақ мерзімге орналастыру туралы шешім шығарады деген үміті барын білдірді. Ол НАТО-ның Польшада тұрақты орналасқанын қалайтынын айтты. Польша президенті НАТО әскері альянстың шығыс шекарасының қауіпсіздігін ете алатындай жеткілікті болғанын айтқанымен, нақты қанша әскер болуы керегін атамады.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг келесі саммит қорытындысы Польшаның көңілінен шығатындай болатынын айтады.

"НАТО қазір Шығыс Еуропада тұрақты әскер ұстайды. Польша - Шығыс Еуропаның бір бөлшегі. Варшавадағы саммиттен кейін |Польшада НАТО әскері бұрынғыдан да көбейеді деп сенемін" деді Столтенберг.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1017776-polsha-prezidenti-oz-elin-resey-shabuy.html