RU

Шелектегі суды ішуге әрекеттенген ақ аю оқырмандарды сүйсіндірді (фото)

Жауынгерлік өнер нұсқаушысы Ольга Дмитриева бос уақытында ақ аюларды суретке түсіргенді жақсы көреді. Мәскеулік зообақта ақ аю торының жанынан өтіп келе жатып, ол осы бір ерекше кадрды суретке түсіріп алған, деп хабарлайды Қазақпарат.

Аю кішкентай көк түсті пластикалық шелекпен ойнап, оны ұстап жүзіп жүреді де бір кезде оны  суға толтырып,  ішуге әрекеттенеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1017838-aq-ayu-shelekti-sugha-toltyryp-ishuge-arek.html