RU

ШҚО-да әкімдік қызметкері өзін қызғанған күйеуін пышақтап өлтірді

Зырян ауданындағы отбасылық жанжал кісі өлімімен аяқталды. Аудандық әкімдіктің 28 жастағы заңгері күйеуін пышақтап өлтірген.

Бұл туралы  YK-news.kz хабарлайды деп жазады sn.kz.

Күйеуімен қаладағы дәмханалардың біріне барған Жанна Белялованы жолдасы таныстарынан қызғанған көрінеді. Кейін қызғаншақ күйеу әйелін сол жерде қалдырып, үйіне қайтып кеткен. Араға үш сағат салып үйіне келген әйелді ол соққыға жығыпты. Қорғанбақ болған жұбайы қолына ілінген пышақты оңды-солды сілтеп, күйеуін тілгілеп тастаған.

Ызаға булыққан еркек әйелін қылқындыруға көшкенде ол жанды жерден тиген пышақтан қансырап құлайды. Жедел жәрдем уақытында келгенімен, ер адам ауруханада қайтыс болған.

Тергеу амалдары жүргізіліп, сот Жанна Белялованы екі жылға бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге кесті. Сондай-ақ, ол күйеуінің туыстарына бір миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1017915-shqo-da-akimdik-qyzmetkeri-ozin-qyzghan.html