RU

Планетадағы ең қарт ер адам қайтыс болды

Жапонияда планетадағы ең қарт ер адам 112 жасында дүние салды деп хабарлады 24 арна.

Ясутаро Коидэның денсаулығы өмірінің соңына дейін сыр берген жоқ. Кітапты көзілдіріксіз оқыған. Ол Нагоя қаласында ем алып жатқан кезінде  созылмалы жүрек ауруынан көз жұмды.

Ясутаро 1903 жылдың 13 наурызында Цуруга қаласында дүниеге келген екен. Нагоя қаласына 107 жасында көшіп барыпты.

Коидэ өткен жылдың тамыз айында өзі сияқты 112 жасында Сакари Момои көз жұмғаннан кейін планетадағы ең қарт адам ретінде ресми танылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1017956-planetadaghy-enh-qart-er-adam-qaytys-bol.html