RU

Ресейлік әнші Юрий Антонов жансақтау бөліміне түсіп қалды

Дүйсенбіде ауруханаға жеткізілген ресейлік әнші, композитор Юрий Антонов  жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады аурухана анықтама бюросына сілтеме жасаған РИА Новости.

«Ол 10-шы жансақтау бөлімінде жатыр», - деп мәлім етті ауруханадан.

Бұдан бұрын ресейлік ақпарат көздері Антонов жүрек талмасына ұшырады деген күдікпен ауруханаға түскенін хабарлаған. Композитор өзі ауруханаға уланып түскенін мәлімдеді.

Юрий Антонов - Ресей халық әртісі  (1997),  РФ  еңбек сіңірген өнер қайраткері (1993).   «Отан алдындағы қызмет үшін» IV дәрежелі орденімен (2005), Құрмет (2010) медалімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1018138-reseylik-anshi-yuriy-antonov-zhansaqtau.html