RU

Дәретханаға тасталған сәби шетелдік БАҚ назарына ілікті

Жамбыл облысында Алматы-Ташкент автожолының бойындағы әжетханада туылған нәресте шетелдік ақпарат көздерінің назарына ілікті.

The Daily Mail басылымы сәбидің нәжіске толы әжетханадан табылғанына ерекше екпін беріп, нәрестені ер адам дәрет сындырып тұрғанда байқағанын атап өткен.

Мақалада жаңа туылған сәбиді дәретхана шұңқырынан шығару үшін жұмысшыларға бір сағаттай уақыт керек болғаны да баса жазылған.

Сондай-ақ, шетелдік басылым дәрігерлердің нәрестеден гипотермияның ауыр түрін анықтағанын да сөз етеді. Яғни, бұл ауруға шалдыққан адамның дене температурасы әдеттегіден төмен болып, жүрегі нашарлаған дегенді меңзейді.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысында сонымен қатар басқа бір жасөспірім босанып қалып, жол бойына баласын тастап кеткен.

Сондай-ақ, 18 қаңтарда Ақтау-Атырау күрежолында қорапқа салынған шақалақтың мәйіті табылғанын да хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1018203-daretkhanagha-tastalghan-sabi-sheteldik.html