RU

Атақты астрофизик адам баласына төнген басты қауіпті атады

Атақты физик Стивен Хокинг адамзаттың дамуына қарсы қауіп тудыратын басты факторларды атады деп хабарлайды 24.kz.

Британиялық басылымдарға берген сұхбатында ол өз бетімен кеткен технологиялық дамудың ядролық апатқа немесе гендік тұрғыдан өзгертілген ауруларға апарып соқтыруы мүмкін екендігін айтты.

«Біз осылай болады екен» деп, дамуды тежей немесе дамуды кері кетіріп, бастапқы қалпымызға қайта алмаймыз. Сол себепті технологиялық дамудағы қауіптің нақты қайдан келетінін анықтап, соны болдырмауды үйреніп алуымыз керек», - дейді ғалым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1018213-ataqty-astrofizik-adam-balasyna-tong.html