RU

Қазақстанда «доңыз тұмауынан» 1 адам көз жұмды

Қазақстанда А(Н1N1) вирусынан 1 адам қайтыс болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті деп жазады Қазақпарат.

«Бүгінгі таңда А(Н1N1) штамынан («доңыз тұмауы») 1 адам қаза тапты», - деп атап өтті ол.

Оның сөзі бойынша, аталмыш оқиға дәрігерлерге кеш xабарлаудан орын алды.

«Егер дене қызуы қатты көтеріліп, жөтел пайда болса, өзін-өзі емдеумен айналысуды доғару қажет және дәрігерлерге жүгіну керек. Доңыз тұмауының адам ағзасына әсері өте қатты, сондықтан оны қолмен емдеу мүмкін емес», - деді бас санитарлық дәрігер.

Айта кету керек, республика аумағында А(Н1N1), А(Н3N2) және В тұмау вирустары тұрақты айналымға енген. Республиканың барлық өңірлерінде тұмау вирустарының зертxаналық расталған 270 жағдайы тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1018319-qazaqstanda-donhyz-tumauynan-1-adam-q.html