RU

Шымкет тұрғыны Астанадағы жезөкшелер ордасын басқарып келген

Ұйымдасқан қылмыстық топ Астана мен Шымкент қалаларында бойжеткендерді жеңіл жүрісті жолға итермелеп, кәсіп еткен. Бұл туралы ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Олар Оңтүстік өңір мен Өзбекстаннан жұмыс іздеп келген бойжеткендерді жезөкшелікпен айналысу үшін Астанаға жіберіп отырған. Қылмыстық топты 36 жастағы Шымкент тұрғыны басқарыпты.

«Күдікті бойжеткендерді Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекстаннан іздеп тауып, Астанаға әкеледі. Артынша бас қаладан пәтер жалдап, бойжеткендердің жезөкшелікпен айналысуы үшін қауіпсіздіктен бастап бар жағдайын жасаған. Тіпті, арам жолмен табылған ақшаны да бөлу жұмысын қолға алған», - дейді полицейлер.

Аталған қылмыстық топтың 2 белсендісі мен 11 көмекшісі де анықталды. Олар жезөкшеліктің қылмыс екенін біле отырып, басшыларына көмектесіп, жеңіл жүрісті бойжеткендерге клиент тасыған.

«Тергеу барысында бір жезөкше клиенттен екіқабат болып, перенаталдық орталықта бөтен есіммен босанған. Тексеру барысында нәресте анасымен емес, бөтен үйде танымайтын әйелдің жанында болып шықты. Сондықтан да сәбиді құзырлы орган балалар үйіне орналастырды», - дейді олар.

Аталған қылмыстық топтың басшысының және көмекшілерінің кінәлары дәлелденіп, белсенді 7 жылға, ал қалғандары да бірнеше жылға түрмеге жабылған. Қазір сот шешімі заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1018446-shymket-turghyny-astanadaghy-zhezokshele.html