RU

Әзірбайжан елден валюта шығаруды шектемек

Әзірбайжан билігі елден валюта шығаруды шектеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Әзірбайжан Орталық Банкінің (ӘОБ) басқарма төрағасы Эльман Рустамовтың мәлімдемесіне сілтеме жасап РБК хабарлады.

Әзірбайжан парламентінің құқықтық және экономикалық саясаты бойынша комитеттердің бірлескен отырысында сөз сөйлеген  Рустамов «Валюталық реттеу туралы» заңға енгізілген түзетулерде шетелде жылжымайтын мүлік, жер және құнды қағаздарды сатып алу, сонымен қатар тікелей инвестиция құю үшін елден шығарылатын валютаның жалпы сомасының 20% көлеміндегі алым енгізу қарастырылғанын түсіндірді.

«Бастапқыда валюта мен капиталдық қозғалысына толық тыйым салмақ болдық. Алайда кейін осындай шешімге келдік. Бұл тікелей шетелдік инвестицияларға, шетелде жылжымайтын мүлік сатып алу мен шот ашуға қатысты», - деді Рустамов (Oxu.az келтірген сөзі).

Trend.az агенттігі хабарлағандай, 20% көлеміндегі алым бір жылда шетелге $50 көлемінен асатын ақша шығарған жағдайда да салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1018452-azerbayzhan-elden-valyuta-shygharudy-shek.html