RU

Кəмшат Жолдыбаева ашық көйлегін сынаған көрерменге жауап берді

Әнші Кәмшат Жолдыбаева тікелей эфирде өзінің ашық көйлегіне сын айтқан көрерменіне жауап берді.

Бүгін әнші Қазақстан телеарнасындағы "Таңшолпан" бағдарламасының тікелей эфиріне қатысқан болатын. Бағдарлама барысында көрермендердің бірі қоңырау шалып әншінің ашық көйлегін сынға алды. Алайда белгілі тұлға сыншыға жауабын кейін, Instagram парақшасында берді.

«Тікелей эфирде сын айттым деп, төбесі көкке жетіп отырған аруға айтарым: Алмагүл ханым, мүмкін Сіз өмірде қымтанып киініп жүретін боларсыз және соны адамның жан-дүниесінің, сауаттылығы мен имандылығының көрсеткіші деп білетін боларсыз… Сіз қателесесіз! Бұл Сіздің жеке тұлға ретінде ой-өрісіңіздің төмендігін көрсетеді! Біле білсеңіз (білмеген болсаңыз, өзіңізге түртіп алыңыз), бұл сахна киімі (соның ішінде, отандық дизайнеріміздің керемет заманауи туындысы), бұл біріншіден. Екіншіден, заманауи эстрадаға деген мынадай көзқараста болсаңыз — теледидары, әлеуметтік жүйесі жоқ бір бөлек жерде мекен етіп жатсыз-ау… Бірақ теледидарыңыз болу керек, өйткені бүгін бағдарламаны көрдіңіз ғой!…» — деп жауап берді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1018538-kamshat-zholdybaeva-keudesi-ashyq-koyle.html