RU

Француздың әйгілі жазушысы өмірден өтті

Францияның Шуази қаласында әлемге әйгілі жазушы Мишель Турнье 91 жасында дүниеден озды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Турнье католиктер отбасында туған. Жас шағынан музыкамен шұғылданған, дін істері мен философияға қызыққан. Ол Сарбонна және Тюбингей университеттерін бітірген. Өткен ғасырдың 50-60-жылдары радио мен Париждің бірнеше ірі басылымдарында журналист болып жұмыс істеді. Ол сондай-ақ неміс тілін жетік білетіндіктен, тәржімамен де айналысты.

Турнье өзінің «Жұма, немесе Тынық мұхит лимбі» деген романын 1967 жылы жариялады. Кітап Даниэль Дефо шығармасының әсерімен жазылған. Оған Фрнция аккадемиясының үлкен сыйлығы берілді.

Ал 1970 жылы шыққан кітабы үшін Францияның беделді Гонкур сыйлығын жеңіп алды. Аз уақыттың ішінде бүкіл әлемге танылды. Сол жылдары әйгілі романның тиражы 4 миллионға дейін барды.

1972 жылы Гонкур академиясының мүшесі ретінде қабылданды. Көзі тірісінде-ақ, XX ғасырдың көрнекті әдебиетшілерінің бірі саналды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1018550-francuzdynh-aygili-zhazushysy-omirden-o.html