RU

Көкшетау тұрғыны "Нұр Отан" ғимаратының алдында өзін өртеп жібермек болды

Көкшетаудағы "Нұр Отан" ғимараты филиалының алдында 57 жастағы ер адам өзін өзі өртеп жібермек болды.

Оқиға 19 қаңтар күні сағат 17.20 болған. Ер адам үстіне бензин құйып, сіріңкені тұтқан. Алайда оқиға куәгерлері бұл жәйтқа бей-жай қарай алмай, оның өртене бастаған қолғабын қарға лақтырып сөндірген. Өзін өртеп жібермек болған ойы жүзеге аспай қалған ер адам шарасыздықтан жылап жіберді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай Широков мырза жұмыс істеген ЖШС «Көкше-Қорғау күзет фирмасы» оған 147 мың көлеміндегі айлық ақысын төлемеген.

"Нұр Отан" партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтің айтуынша, күйзелген жұмысшыға писхологиялық көмек көрсетілген.

"Егер оған шын мәнінде айлығы төленбеген болса, бұл мәселені шешу үшін партияның жеткілікті амал-тәсілдері бар. Несиесін жауып, өзінің отбасы яғни баласы мен зайыбы тұратын Ресейге кету үшін оған қаржы ауадай қажет. Олар Ресей азаматтығын алған", - деді ол.

Қазіргі уақытта ер адам тұрақты баспанасы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығында.

Сонымен қатар NUR.KZ  тілшісі анықтағандай, Широков бірнеше рет баспанасыз адамдарға арналған орталықта түнеген. Қазір оның тұрақты мекенжайы жоқ. Ер адам бұрын жазғы әскери училищені аяқтап, Ішкі істер органдарында жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1018743-kokshetau-turghyny-nur-otan-ghimaratyny.html