RU

Головкиннің бапкері: Мұрат Гассиев келесі Геннадий Головкин болады

Бапкер Абель Санчес қарамағында жаттығып жүрген, бірінші ауыр салмақтағы 22 жастағы ресейлік Мұрат Гассиев туралы жоғары пікірде.

Санчестің айтуынша, ол Абельдің басқа боксшысы, қазіргі заманның ең танымал боксшыларының бірі болып табылатын Геннадий Головкиннің ізімен жүріп келеді.

«Менің ойымша, ол біздің залдың келесі Геннадий Головкині болады. Мен оған супер ауыр салмақтағылармен спаррингтер жасадым, себебі бірінші ауыр салмақтағы боксшылармен онымен спаррингке шығуға келісе алмадым, және ол кез келген спарриинг-серіктесінен күшті. Мен бұл спаррингтердің бір бөлек дүние екенін түсініп те отырмын, бірақ оның чемпиондық атақ үшін айқасқан  кезінде жаттығу залында көрсеткен өнерін тамашалайтындығыма сенімдімін. Мен оны келесі Геннадий Головкин болады деп санаймын», - деп мәлімдеді Санчес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1018838-golovkinninh-bapkeri-murat-gassiev-ke.html