RU

Назарбаев пен Путиннің аудармашысы АҚШ-та «Жыл кәсіпқойы» атанды

Техас штатының Хьюстон қаласынан Марион Рифкайнд танымал Strathmore's Who's Who желілік ресурсы нұсқасы бойынша ауызша және жазбаша аударма саласындағы жетістіктері және көрнекті үлесі үшін «Жыл кәсіпқойы» атанды.

Бұл туралы PR.com-ға сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.

Марион Рифкайндтың халықаралық коммуникация, ауызша және жазбаша аударма саласында 35 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Рифкайнд ханым Universe Technical Translation Inc компаниясының негізін қалаушы, президенті, қожайыны және бас атқарушы директоры. Марион Рифкайнд Ресей президенті Владимир Путинге, АҚШ-тың экс-президенті Джордж Бушқа, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қытай Халық Республикасының экс-төрағасы Цзян Цзэминьге ауызша аударма қызметін көрсетті.

Рифкайнд Лондонда (Англия), Мәскеуде (Ресей) және Бакуде (Әзербайжан) кеңселерін ашты, Ол орыс, француз, неміс тілдерінде сөйлейді. Сонымен бірге қазіргі кезде ол испан және иврит тілдерін үйреніп жүр. Бос уақытында ол отбасылық шараларда болғанды ұнатады, тамақ жасауды, теннисте ойнауды, велосипед тебуді жақсы көреді. Сонымен бірге Рифкайнд пилатеспен, йогамен және билермен айналысады.

Еске сала кетейік, Strathmore's Who's Who жыл сайын бизнес, өнер, ғылым, заң және саясат салаларындағы көрнекті адамдардың жинағын жариялайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1018847-nazarbaev-pen-putinninh-audarmashysy.html