RU

Америкалық ғалымдар артық салмақтан арылуға кедергі келтіретін себепті атады

 Америкалық ғалымдар артық салмақтан арылуға кедергі келтіретін себепті атады, деп жазады 24.kz.

Флорида Университеті зерттеушілерінің мәлімдеуінше, күйзелген кезде адам ағзасы майлы жасушаларды ыдырату қабілетінен айырылады. Осы ретте өткізілген тәжірибеге зертханалық тышқандар қатыстырылған.

Нәтижесінде созылмалы күйзеліс салдарынан олардың бойынан бетатрофин (betatrophin) ақуызы белсенді түрде бөлініп, оның майды ыдырату ферментінен басым түсетіні анықталды. Осыған байланысты май алмасу барысы әлсіреп, ағзада май жинақтала береді екен.

Ғалымдардың айтуынша, күйзелісте жүрген адам артық салмақтан арыла алмайды. Бұл үшін ол миды тынықтырып, ойларын ретке келтіріп алуы керек, деп жазады informing.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1018965-amerikalyq-ghalymdar-artyq-salmaqtan.html