RU

Орта-Азиялық лидерлердің әндері мен билері

Қауырт уақыттарына мен маңызды саяси мәселелерге қарамастан, президенттер де өздерінің қызығушылықтарына уақыт табады. Бірі ән айтады, бірі өлең жазады, бірі түрлі инструменттерде ойнайды.

Орталық Азия елдерінің басшылары қандай өнерге ие екенін Openasia сайты сараптап жазды.

Нұрсұлтан Назарбаев

Жуырда президенттің ресми сайтында елбасының сүйікті әндері жарияланды. Елбасы тек қана әндерге сөзін жазып қана қоймай, домбырада керемет ойнайды.

Ақорданың Фейсбуктегі парақшасында: "Елбасының ән мен күйді жақсы көретіні, өнерге үлкен маңыз бөлетіні белгілі. Сондай-ақ президенттің бірнеше әнге сөз жазғаны да аян. Президент Қазақстан Республикасының әнұранын жазған авторлардың бірі болып табылады. Президенттің авторлық әндерімен және сүйікті туындыларымен Ақорданың сайтында таныса аласыздар", - деген жазба қалдырылған.

Эмомали Рахмон

Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон да интернетте кезіп жүрген бейнероликке қарағанда, қолына микрофон алып, көтеріңкі көңіл-күй үстінде тамаша ән шырқауға кетәрі емес.

Ислам Каримов

Ал көршілес Өзбекстанның президенті Ислам Каримов ешқандай өнерлі қырымен таныла қойған жоқ. Дегенмен елдегі мерекелердің бірінде оның алдына жан салмай халық ортасында билегені ғаламторда нағыз хитқа айналған болатын.

Құрбанғұлы Бердімұхамедов

Түркмен елінің президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедовті де дарынсыз деп атауға болмас. Оның музыкаға деген қабілеті аса жоғары. Әрі ол фольклорлық түркмен әндерін нақышына келтіре отырып орындайды. Түркменістан басшысы осыдан бірнеше жыл бұрын гитараны шерту және диджейлік қабілетімен біраз таңғалдырған болатын.

Алмазбек Атамбаев

Ал Қырғызстан көшбасшысы Алмазбек Атамбаев әзірге ешбір өнерімен көріне қойған жоқ. Мүмкін бұл олқылық оның сөз өнеріндегі шығармашылығымен байланысты шығар. Қырғыз халқы басшыларының тілі "мірдің оғындай" екенін жақсы біледі. Мүмкін әлі ән айту үшін саяси тәжірибесі жетіңкіремейтін болар?! Ұзақ отырғаннан кейін ол да ән айтып кетер, бәлкім...

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1018967-orta-aziyalyq-liderlerdinh-anderi-men-b.html