RU

"Алло" әніне пародия жасаған бүлдіршіндер Төреғалимен кездесуді қалайды (видео)

Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлінің 2015 жылғы ең үздік әндер қатарындағы "Алло" туыдысына пародия жасаған бүлдіршіндер Төреғалимен бірге ән айтуды қалайтындарын жеткізді.

Қос бауырының әртістік қабілетін сынаған 9-сынып оқушысы Ерлан Ақұзақов видеоны екі күн бойы түсіргенін айтады, деп жазады Ақтөбе басылымы.

Ал көпшіліктің ықыласына бөленген бүлдіршіндер Нұрдәулет пен Сәбина сұхбат барысында әннен үзінді орындап берді. Екеуі де Төреғалимен кездескенде, естелікке суретке түскісі келеді екен, орайы келсе, бірге ән шырқауға қуана келіспек.

Еске сала кетсек, осыдан біраз уақыт бұрын Төреғали мен Еркеге пародия жасаған балалар ғаламтор жұлдызына айналғанын жариялаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1019041-allo-anine-parodiya-zhasaghan-buldirshin.html