RU

Содырлар Үндістан билігінен халыққа сиыр етін жеуге рұқсат беруін талап етті

ТГИЛ содырлары Үндістан премьер-министрі мен қорғаныс министріне хат жолдаған, деп хабарлайды The Express Tribune-ке сілтеме жасап 24.kz.

Хатта лаңкестер биліктен сиыр етін жеуге рұқсат етуін талап еткен. Қазір хат елдің күллі полиция учаскелеріне таратылды.

«Хаттың соңында «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» деген қолтаңба тұр. Қазір аталған хат Гоаның барлық полиция учаскесіне жіберілді. Жақын арада жіберген адамды табамыз», - деді құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1019093-sodyrlar-undistan-premer-ministrin.html