RU

Электровозда бойжеткенді зорлаған Астана темір жолының екі жұмысшысы 5 және 6 жылға сотталды

Электровозда бойжеткенді зорлағаны үшін Астана ст. темір жолының екі жұмысшысы 5 және 6 жылға сотталды, деп хабарлады жолдағы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазТАГ.

«Сот үкімімен екі кінәлі де Ж.Қабышев 6 жылға, Ж.Құрұмсенов 5 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.

Еске салсақ, 2015 жылдың 27 қыркүйегінде сағат шамамен 04.00 шамасында азиаттық екі белгісіз біреу  Астана ст. локомотив депосы жолында тоқтап тұрған электровоз кабинасында бойжеткенді зорлаған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында аталмыш қылмысты жасаған деген күдікпен екі жігіт ұсталған. Одан басқа күдіктілердің телефонында олардың локомотив кабинасында тұрғанының жазбасы да бар.

Кейін аталмыш қылмыс орын алған электровоз тиесілі локомотив депосының қызметкерлері жұмыстан қуылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1019104-elektrovozda-qyz-balany-zorlaghan-ast.html