RU

СҚО-да шығарылған құны 250 млн теңге тұратын мұнай-газ құралы сатылмай қалды

Солтүстік Қазақстан облысы көлік құрастыру зауыттарында шығарылған бұрғылау көліктері мен басқа да мұнай-газ саласының қымбат тұратын агрегаттары 2015 жылы сатылмаған.

Бұл туралы өңір әкімі Ерік Сұлтановтың сөзіне сілтеме жасап ҚазТАГ жазды.

«Мұнай-газ саласында инвестициялар көптеп қысқаруда және бұл бізге де әсер етті. Біз биыл ұңғымалардағы мұнай сорғысы өндірісін төмендеттік, бірде-бір бұрғылау машинасын да, ұңғымаларды жөндеу машинасын да сатқан жоқпыз. Ол 200-250 млн теңге тұратын машиналар», - деді Сұлтанов сейсенбіде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі брифингте.

Бұл ретте әкім машина құрастыру кәсіпорындарының шығынға ұшырамағанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1019165-sqo-da-shygharylghan-quny-250-mln-tenhge-tura.html