RU

Кішкене қыздарымен стақан соғыстырып, арақ ішкен әке полицияға өзі келді

Кішкене қыздарымен стақан соғыстырып арақ ішкен отбасы Астанадан табылды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Тәртіп сақшыларының сөзінше екі жеткіншекке ащы су ұрттаты деген әке полицияға өзі келіп, видеоның әлеуметтік желіге салған азаматтың үстінен арыз жазған.

«Қазіргі таңда видеоның кейіпкері деген 34 жастағы Астана тұрғыны анықталды. Оның сөзінше отбасымен әзілдесіп, бейнежазба жасаған. Балалармен ойнау үшін босаған арақ бөтелкені «Сарыағаш» минералды суына толтырып, қыздарына құйып берген. Видео үйдің үлкені 10 жастағы қыздың ойыны үшін түсірілгені де белгілі болды», - дейді полиция өкілі.

Ғаламтордың жұлдызына айналған отағасы отбасын масқаралағаны үшін видеоны таратушыға қарсы полицияға арыз түсірген. Ол отбасылық бейнежазбаны еш рұқсатсыз, әлеуметтік желіге салған адамды тауып, жазалауды сұраған.

Қазір түскен шағымға байланысты ҚР ҚК 211 бабымен, яғни  «Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату» деген айыппен қылмыстық іс қозғалып, тергеу алды жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ балалардың расы мен арақ ішкені немесе ішпегенін тексеру үшін арнайы сараптама тағайындалған.

Еске сала кетейік, кішкене қыздарына арақ ішкізген әке туралы видео желіде қызу пікірталас тудырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1019476-kishkene-qyzdarymen-staqan-soghystyry.html