RU

Ізмұхамбетов: Мен қулық-сұмдықпен айналыспайтын адаммын

"Ақ жайық" басылымында "Миландық катер мен бір үйдің құпиялары" мақаласы шыққан күннің ертеңіне Атырау облысы әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов  өзіне жарияланымның авторын, ІІД және су полициясына катерді жеткізуші фирманың өкілдерін шақырды.

Тәуелсіз басылым журналистеріне ешқандай талап қоймайтынын мәлімдеген өңір басшысы бұл кездесуді тараптар пікірін тыңдап, бүкіл елге танымал болған даулы жағдайдың ақ-қарасын айыру үшін ұйымдастырғанын айтты.

Кездесу қорытындысында әкім барлық мүдделі тараптарға өз уәждерін нақты, жазбаша түрде ұсынып, газет бетіне жариялауға кеңес берді.

"Маған ештеңе керек емес, мен ешқандай қулық-сұмдық әрекеттермен айналыспаймын. Президент айтқанша жұмыс жасай беремін",- деп даулы жарияланымдарға өз пікірін ашық айтты.

Еске сала кетейік, жақында атыраулық полицейлердің 1,3 млн теңгеге катер сатып алып, шенділердің қымбат жиһаздармен жабдықталатын үйде тұрғысы келетінін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1019654-izmukhambetov-men-qulyq-sumdyqpen-ayn.html