RU

Әйелінің адалдығына күмәнданған еркек оны көше бойымен жалаңаш жүргізіп қойды (видео)

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында алданып қалған күйеуі әйелін көше бойымен жалаңаш жүруге мәжбүр етті. Бұл туралы Lenta.ru ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Әйелінің өз интимдік суреттерін әлеуметтік желіні пайдаланушы бірнеше ер кісіге жібергенінен күдіктенген еркек оны көше бойымен жалаңаш жүруге мәжбүр еткен. Бірақ осындай қадамға дейін барған ерлі-зайыптылардың аты-жөндері айтылып отырған жоқ.

Алданып қалған күйеуі LiveLeak.com сайтында жариялаған видеожазбада әйелдің басында үстіне сүлгі жамылып алып, жүріп келе жатқаны көрінеді. Сол кезде күйеуі оған: «Алып таста мынауыңды, сенің масқара болғаныңды жұрттың бәрі көруге тиіс», – деп, үстіндегі жамылғысын алып тастайды.

Жалаңаш әйел көше бойында тұрған көліктің қалқасына жасырынбақ та болады, қолдарымен ұятты жерін жасырып та көреді.

Ролик қазірге дейін 270 мың рет көріліпті. Ал видеоға коммент жазушылардың көпшілігі еркектің тірлігін мағынасыз және қатыгез әрекет ретінде бағалапты. Мұны ақымақтық санап отырғандар да жеткілікті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1019752-ayelininh-adaldyghyna-kumandanghan-erk.html