RU

Ақтаулық келіншекті екі жігіт жабылып зорлап кетті

Ақтау тұрғынын екі жігіт жабылып зорлап кетті. Күдіктілер оны қылмыс емес, келіншектің келісімі бойынша болғанын айтады.

Құзырлы орган қызметкерлері келіншекті аяусыз зорлаған 2 еразаматқа қатысты қылмыстық істі тексеріп жатыр деп хабарлайды lada басылымы.

Белгілі болғаны өзіне сексуалдық сипатта күш көрсеткендер жайлы полицияға жәбірленуші арыз жазған. Белгілісі қаскөйлерден зәбір көрген Ақтаудағы 27 ықшам ауданының 32 жастағы тұрғыны.

Келіншектің сөзінше зорлау фактісі Приозерный ауылындағы көлік жөндеу орталығында болған. Оқиға кезінде жәбірленуші 2 танысымен көлікжайда болған, ал жанындағылар оған тиісе бастаған.

Түскен арызға байланысты 29 жастағы СОТ «Автодром» және 2 ықшам ауданының 31 жастағы тұрғындары ұсталды.

Жігіттер әйелмен жыныстық қатынасқа түскендерін мойындап отыр. Күдіктілер оны қылмыс емес, келіншектің келісімі бойынша болғанын айтады. Қазір тергеу жалғасуда.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1019768-aqtaulyq-kelinshekti-eki-zhigit-zhabyly.html