RU

Ұшаққа күркетауық алып кірген әйел көпшіліктің таңданысын туғызды

АҚШ-та ішкі бағытта сапарға шыққан жолаушылар ұшағына күркетауық мінді. Истер (Easter) атты бұл қанаттының әуе көлігіне мінгізілуі жәйдан жәй емес екен.

Себебі ол өзінің Джоди атты иесін сапар бойы сүйемелдеуге шыққан. Артынша белгілі болғандай, күркетауықтар адамға эмоциялық тұрғыдан қолдау көрсететін құстарға жатады екен.

Ал жуырда ғана өміріндегі ең ауыр кезеңді бастан кешірген Джоди психотерапевт дәрігерлердің кеңесіне құлақ асып, Истерді үнемі қасына ертіп жүретін болған.

Оның айтуынша, бұл құсты көрген кезде көңілі тынышталып, бойында ішкі тепе-теңдік орнайды екен. Сөйтіп, медицина тілімен айтқанда, «адамды емдегіш құстар» санатына жатқызылған күркетауық америкалық әйелдің жолсерігіне айналған, деп жазады gismeteo.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1019975-amerikalyq-ayel-ozine-qoldau-korsetu.html