RU

Тыңдармандар "Кешьюдің" қазіргі әншілері Мөлдір Әуелбековаға жете алмайтынын айтты (видео)

Әлеуметтік желіде "Кешью" тобы әншілерінің дайындығын көрген тыңдармандар "Әдемі-ауды" шырқаған қыздардың Мөлдір Әуелбековаға жетпейтінін айтуда.

"Мөлдірге ешкім жетпейді", - деп жазады Ақгүл Күлпібаева есімді ғаламтор қолданушысы. Енді бір жанкүйерлер " дауысы жоқ болса, қыздарға сонша ышқынып не бар?" деп сын тағуда.

Ал топ продюсері Баян Есентаева мен музыкалық жетекшісі Бағым Мұхитденова жазылушыларына ренжіген сыңай танытты.

"Сіздерден "ешқашан жақсы бола алмайсыңдар, бұрынғы қыздарға жетпейсіңдер" дегенді естіген сайын, талабымызды шыңдай береміз. Өздеріңіз де түсінбей отырған шығарсыздар, бізге таққан сындарыңыз бізді қайрай түседі. Қыздар әлі тым жас, өзгелерді басып озуға әлі уақыттары да жеткілікті, сол үшін де шәкірттеріме сенім артамын. Бізге үлкен үмітпен қарайтын жандарды концертке шақырамын", - деді Есентаева жеке парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, биыл "Кешью" тобының құрылғанына 10 жыл толуына орай продюсер Баян Есентаева мерейтойлық концерт ұйымдастырмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1020085-tynhdarmandar-keshyudinh-qazirgi-anshil.html