RU

Мессимен әзілдескен полицейдің басы дауға қалды (видео)

Біріккен Араб Әмірліктерінің полицейі даңқты футболшы Лионель Мессидің төлқұжатын видеоға түсіргені үшін сот алдында жауап берді. Оған адамның жеке өміріне қол сұқты деген айып тағылып отыр.

Бұл туралы eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Дубай қаласының тәртіп сақшысы құжат тексеру кезінде аргентиналықтың жеке басын куәландыратын төлқұжатын видеоға түсіріп, оны Snapchat қосымшасы арқылы ғаламторға жариялаған.

Бейненің астына пікір қалдырған полицей: «Бұл құжатты өртеп жіберейін бе, жоқ әлде иесіне қайтарайын ба?», – деп жазған екен. Өзі бұл әрекеттің әзіл екенін айтып, құжатты таспаға түсіру үшін Мессидің оққағарынан рұқсат сұрағанын жеткізді. Соған қарамастан, сот құқық қорғаушының қылығын заңсыз жеке өмірге араласу деп бағалаған.

Айта кетейік, Лионель Месси әлемнің ең үздік футболшысына берілетін Globe Soccer Awards сыйлығын алу үшін өткен жылдың желтоқсан айында Дубайға барған еді. Сондай-ақ, футболшы осы қалада өтетін ЭКСПО-2020 халықаралық көрмесінің елшісі екенін атап өткен жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1020102-messimen-azildesken-policeydinh-basy.html