RU

Серік Сәпиев депутат болудан дәмелі екенін жасырған жоқ

Олимпиада чемпионы экс-сенатор Ғани Қасымовтың 2016 жылы 20 наурызда өтетін кезектен тыс мәжіліс сайлауына ұсынысына қатысты жауап берді деп хабарлайды Vesti.kz.

«Ғани Есенгелдинұлының Илья Илин екеуміздің спорттағы еңбегімізді жоғары бағалап, мәжіліске депутат болуға ұсынғанына үлкен рахмет. Қазіргі таңда мен Қазақстан боксы мен спортының дамуында жұмыс жасап жатырмын. «Астана Арланс» былғары қолғап клубының директоры ретінде басты мақсатым - барлық ұжыммен біріге отырып, елімізден шыққан чемпиондардың рейтингісін жоғарлатып, алға жылжу», - дейді Серік Сәпиев.

«Мен парламентте қоғамдағы түрлі мәселені көтеретін, әр саланың адамдарының болғанын қалаймын. Жоғары лауазымды қызметте отыру жаңа жүйе емес, бұрын да мәдениет және спорт саласының қызметкерлері болған. Мәселен, Ресейде мемлекеттік Думада 2004 жылғы олимпиада чемпионы Алина Кабаева және тәжірибелі боксшы Николай Валуев жұмыс жасайды. Депутат болу оңай емес, бар күш жігерің мен тәжірибеңді салу қажетсің. Егер,  қазақстандықтар Илья екеумізді «Халық қалаулысы» болуға лайық деп таныса,  біз салауатты өмір салтын, спорт саласын дамытуға дайынбыз»,- деді чемпион.

Естеріңізге сала кетсек,  19 қаңтар күні қоғам қайраткері, экс-сенатор Ғани Қасымов мәжіліс құрамына спортшы-депутаттар қатарына Серік Сәпиев пен Илья Илинді қосуды ұсынған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1020152-serik-sapiev-deputat-boldan-dameli-ek.html