RU

Жамбыл облысында көлікте босанған оқушы қыз өз ата-анасына оралатын болды

Жамбыл облысында көлікте босанып, кейін өгей анасы сәбиін лақтырып жіберген оқушы қыз Алматы облысында тұратын өз ата-анасына оралмақ.

Бұл туралы Жамбыл облыстық прокуратурасы хабарлады.

Бұған дейін босанған қызды әкесі інісінің қолына бергені жазылған болатын. Бүгінге дейін Жамбыл облысында тұрып келген қыз өгей ата-анасының қолында тәрбиеленген.

Ал бүкіл елді дүрліктірген тастанды сәби туралы хабардан соң, қыздың өгей анасы тергеуге алынды. Ал денсаулығы біраз жақсарып қалған қыз Алматы облысында тұратын өз ата-анасына қайтып келмекші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1020272-zhambyl-oblysynda-kolikte-bosanghan-oq.html