RU

МС Сайлаубектің жаңа автокөлікті несиеге алғаны белгілі болды

 Түсініксіз тілде рэп оқып, хит тұлғаға айналған МС Сайлаубектің жаңа автокөлігін несиеге алғаны белгілі болды. Бұл туралы рэпердің продюсері мәлімдеді.

Продюсердің айтуынша, автокөліктің құны 15 мың доллар тұрады, деп хабарлайды Казправда басылымы.

Toyota Corolla маркалы темір тұлпар 2015 жылы шығарылған.

"МС Сайлаубек су жаңа автокөлігінің жарты құнын бірден төлеп, қалған сомасын 1 жылға бөліп төлейтін болды", - дейді рэпердің продюсері Бақытжан Жүнісбеков.

Айта кетерлігі, МС Сайлаубектің қаламақысы 500 доллар тұрады. Продюсерінің айтуынша, рэпер айына 1000 доллар көлемінде табыс табады.

Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана МС Сайлаубектің жаңа автокөлік сатып алғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1020309-ms-saylaubek-zhanha-avtokoligin-nesieg.html