Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасының өлімінен соң сары уайымға салынған азамат жарты жыл бойы жоғалып кеткен

Опубликовано:

Екібастұз өңірінде осыдан жарты жыл бұрын іс-түссіз жоғалып кеткен азамат Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округінен табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 32 жастағы азаматтың жоғалып кеткені туралы полицияға қарындасы хабарласқан.

"Азаматтың хабар-ошарсыз кеткен күні Екібастұз қалалық ІІБ-ның тергеушісі Қылмыстық кодексінің «Адам ұрлығы» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іздестіру шаралары жүргізілді. Жоғалған екібастұздықтың туған-туыстары, достарынан ақпарат жинау жұмыстары қолға алынды. Сондай-ақ кезбелікке бейім тұлғаларға сұрақтар қойылды. Нәтижесінде жоғалған азаматтың болуы мүмкін аймақ анықталды. Полицейлер Баянауыл ауданына барып, тиісті жұмыс атқарды. Іс-түссіз жоғалған азамат Күркелі ауылдық округіндегі фермерлік шаруашылықтардың бірінен табылды. Белгілі болғандай, аталмыш елді мекенде ұялы және интернет байланысы жоқ болып шықты. Ол шаруа қожалығында жұмыс істеп нәпақа табуды көздеген", - деп жазылған хабарламада.

Тәртіп сақшыларымен тілдескенде, ол анасының өлімінен кейін сарыуайымға салынып, кетіп қалғанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1020353-anasynynh-oliminen-sonh-sary-uayymgha-sa/

pixel