RU

Қазақстандағы сайлауалды үгіт кампаниясы 20 ақпанда басталады

Парламент мәжілісі сайлауының үгіт кампаниясы ресми түрде 20 ақпанда, ал мәсхихат депутаттығына үміткерлердікі 24 ақпанда басталады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды.

«Біз бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес, партия тізімі бойынша сайланатын парламент мәжілісі депутаттарының сайлауалды үгіт жұмыстары 20 ақпанда басталып, 18 наурыз күні сағат 24.00-ге дейін жалғасады. ҚХА сайлайтын мәжіліс депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт жұмыстары 6-19 наурыз аралығында өтеді. Мәслихат депутаттығына үміткерлердің үгіт жұмыстары 24 ақпанда басталып, 18 наурыз күні 24.00-де аяқталады», - деді Тұрғанқұлов бейсенбідегі брифингте.

Ол жалпы сайлау кампаниясының үш кезеңде өтетінін хабарлады. Бірінші кезең – үміткерлерін ұсыну. Партия тізімі бойынша сайланатын парламент мәжілісінің сайлауына үміткерлерді ұсыну сайлауды белгілеу туралы шешім қабылданған сәттен (20 қаңтарда) басталып, 2016 жылдың 8 ақпанына дейін жалғасады.

«Еске салсақ, тиісті тәртіп бойынша тіркелген саяси партиялар ғана үміткерлерін ұсынуға құқылы. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын мәжіліс депутаттарын Ассамблея кеңесі ұсынады. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын мәжіліс депутаттығына үміткерлерді ұсыну 20-29 ақпан аралығында өтеді», - деп толықтырды ОСК төрағасы.

Алдағы мәслихат депутаттығы сайлауына үміткерлерді ұсыну ОСК сайлауды белгілеу туралы қаулы қабылдаған сәттен бастап 2016 жылдың 19 ақпанына дейін жалғасады.

Екінші кезең – партия тізімін тіркеу, оны орталық сайлау комиссиясы 2016 жылдың 19 ақпанына дейін жүзеге асырады. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын мәжіліс депутаттығына үміткерлерді тіркеу ағымдағы жылдың 25 ақпаны мен 5 наурызы аралығында өтеді. Мәслихат депутаттығына үміткерлерді тіркеуді аумақтық сайлау комиссиялары ағымдағы жылдың 23 ақпанына дейін жүзеге асырады.

Үшінші кезең – сайлауалды үгіт жұмыстары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1020369-qazaqstandaghy-saylaualdy-ugit-kampa.html