RU

Мақпал Исабекова жанкүйерлеріне қарт әжейдің кейпінде ертегі айтып берді (видео)

Әнші Мақпал Исабекова Instagram жазылушыларына қарт әжейдің кейпінде ертегі айтамын деп жұрттың күлкісіне қалды.

Әншінің видеосын көрген жанкүйерлердің бірі мұны жаман ырымға балап жатса, енді бірі езуін жия алмағанын айтады.

Тіпті кей ғаламтор қолданушылары әртістің әрекеті күлкілі болғаны соншалық, видеоны қайта-қайта қосып тамашалайтынын жазады.

Айта кетейік, Мақпал Исабекова қазір Тайланд елінде демалыста жүр. Әнші әлеуметтік желіде жанкүйерлерімен суреттерін бөлісуді ұмыт қалдырмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1020510-maqpal-isabekova-qart-azheydinh-keypin.html