RU

Туристер үшін виза Тайландқа кірген кезде екі есеге қымбаттайды

Тайландқа келген соң алынатын виза 1 мың баттан 2 мың батқа қымбаттайды, деп хабарлады Thai PBS интернет-порталына сілтеме жасап ҚазТАГ.

«Министрлер кабинеті келгендерге виза үшін төленетін ақыны 1 мың баттан 2 мың батқа дейін қымбаттатуды мақұлдады. Үкімет баспасөз қызметінің айтуынша, келген бойда виза үшін төленетін ақыны екі есеге көтеру себебі, туристер виза алу үшін консулдықтар мен елшіліктерге бармастан иммиграциялық бақылау пунктеріне жүгінгенді артық көретіндігінде», - делінген хабарда.

Бұл ретте жағдайдың осылайша қалыптасуы иммиграциялық бақылау пунктерінде қиындықтар тудырып, қауіпсіздікке қауіп төндіріп, елге онша жағымсыз элементтердің оңай кіріп кетуіне жеңіл жол ашуы мүмкін деп түсіндіріледі.

Еске салсақ, қазір визаны 22 елдің азаматтары Тайландқа келген бойда ала алады. Оның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Украина және т.б. елдер бар. Келген бойда алынатын виза бір рет беріледі және ұзартылмайтын виза.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1020589-turister-ushin-viza-taylandqa-kirgen-k.html